Компания туралы

«Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы АҚ-ның мердігер ұйымы болып келетін  «МСС-КИП Автоматика» ЖШС «Автоматика» АҚ №1,2 Алматы филиалының  бұрыңғы кадрлар құрамынан және техникалық негізінде құрылған (бұрыңғы Алматы монтаждық  басқармасы және 1969 жылы құрылған «Казмонтажавтоматика» Алматы қоса-жөндеу трест басқармасы).

Біздің мекеме Атырау және Алматы қалаларындағы өндірістік базалары бар монтаждық телімдерге ие.

«МСС-КИП Автоматика» ЖШС-ның өндірістік кадрлары Қазақстан Республикасы және Алматы қ. құрылыс және жөндеу нысаналарында 30 жылдан астам - үлкен жұмыстық тәжірибеге ие.

Атырау қ. және Атырау облысындағы нысаналарындағы БӨПжәнеА бойынша монтаждық және қоса-жөндеу жұмыстары Атырау қ. орналасқан №1 монтаждық теліммен орындалады.

Алматы қ. және облыстағы нысаналардағы БӨПжА, күштік эл.жабдық, электр жарығы, СС, ПС бойынша монтаждық және қоса-жөндеу жұмыстары  Алматы қ. орналасқан №2 теліммен орындалады. 

«МСС-КИП Автоматика» ЖШС дамыған, мықты жабдықталған өндірістік-техникалық базамен, техникалық және материалдық жабдықпен, сонымен қатар монтаждық жұмыстарды орындау үшін монтаждық бұйымдар және материалдармен  қамтылған.

Жұмыскер және ИТҚ кадрлары – жоғары білікті, БӨПжА мен күштік эл.жабдықтарды  монтаждау және қосу бойынша 10-15 жылдан астам, ал кейбіреулері 40 жылдан астам үлкен тәжірибеге ие, осы филиал құрылғаннан бері.

Темірқұралымдар цехы темірқұралымдарды, автоматика және басқару қалқандарды, ВРУ, ГРЩ, ЩО-70, КСО, КТПГ, КТП қалқандарды, күрделігі әр түрлі монтаждық бұйымдарды,  бокс-блогы, модулдер, кабелдік лотоктар мен қораптарды дайындау және монтаждау бойынша жұмыстарды орындайды.  

Жұмыстар қалыпты жағдайдағы өрт дабылдамасы және байланыс, күштік эл.жабдықтар және электр жарығы, БӨП және А бойынша монтаждық және қосу жұмыстары жөнінде нормативтік-техникалық талаптар  есепке алынып  орындалады.

«МСС-КИП Автоматика» ЖШС-ның электротехникалық зертханасы және БӨП және А құралдарын калибрлеу бойынша зертханасы бар.